09 қыркүйек 2015 10:23

Қостанайдың бұрынғы әкімі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz © ng.kz

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов 8 қыркүйек күні сағат 17.05-те қызметінен асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Наша газета".


Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов 8 қыркүйек күні сағат 17.05-те қызметінен асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Наша газета".

Бұл жөнінде хабарлама бүгін, 9 қыркүйекте Қостанайдың №2 сотына келіп түсті. Ертең, 10 қыркүйекте облыс орталығының бұрынғы басшысына қолданылатын бұлтартпау шарасына байланысты мәселе қаралады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкімнің қызметінен кеткені хабарланған болатын. Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер Нұралы Сәдуақасовтың бұйрығымен Ахметбек Ахметжановтың өз қалауы бойынша қызметінен босағанын хабарлады. Оның таяуда орынбасарларының сотталуына байланысы бар-жоғы айтылған жоқ. Сонымен қатар, қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Сәндібек Қайрат Амантайұлының тағайындалғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Ахметбек Ахметжанов Қостанай әкімі болып 2014 жылы 18 маусымда тағайындалған. Оның екі орынбасары бұған дейін ұсталған еді - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян. Қалиев 13 миллион теңге пара алды деп айыпталса, Аракелянға лауазымын асыра пайдаланып, 300 мың теңге пара алды деген айып тағылды. Екі шенеунік те сотталды. Орынбасарларының сотталуына қатысты пікірін айтқан Ахметжанов бұл жағдайдың өзі үшін "шок" болғанын мәлімдеді. Әкімдіктің баспасөз қызметінде қала басшысының отставкаға кетуі туралы мәселе қозғалған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети