Қостанай облысы бойынша "Қазагроқаржы" АҚ басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы бойынша "Қазагроқаржы" АҚ басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменті Қостанай облысы бойынша "Қазагроқаржы" АҚ басшысын парамен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын қаржыландыру бойынша мәселесінің жылдам әрі оң шешім табуы үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Параның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асады, күдікті бұл қаражатты 2018 жылдың маусымынан тамызына дейін алып отырған", - делінген хабарламада.

Пара алудың бестен аса дерегі тіркелген. Күдікті үй қамауына алынған. Сондай-ақ, ЖШС жауапты директоры пара берді деген күдікпен жауапқа тартылып отыр. Осы деректер бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети