Қостанай облысында ұры тоңазытқыштағы тамақты жеп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ұры тоңазытқыштағы тамақты жеп кеткен ©Vsluh.ru

Қостанай облысы Лисаковск қаласында ұры бір пәтердің тоңазытқышындағы тамағын жеп, 24 келі кір тасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Лисаковск қаласында ұры бір пәтердің тоңазытқышындағы тамағын жеп, 24 келі кір тасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті үй иесінің ұзақ мерзімді іссапарға кеткен кезінде ұрлық жасаған. Пәтердің тоналғанын көршілердің бірі байқап қалған. "Пәтер қожайыны бағалы заттар мен ақшаны үйінде сақтамаған, сондықтан ұры тоңазытқышта қалдырылған азық-түлікті жеп, спорттық кір тастарын алып кеткен", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Жедел шаралар барысында полицияның учаскелік инспекторы күдіктіні анықтап, ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, одан ұрланған кір тастары тәркіленді. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін де жасаған қылмыстары туралы белгілі болды. 24 жастағы ер адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети