Қостанай қаласының тұрғыны Көкшетауда өз автокөлігін ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының тұрғыны Көкшетауда өз автокөлігін ұрлап әкетті ©livemozyr.com

Қостанай қаласының тұрғыны өз автокөлігін ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының тұрғыны өз автокөлігін ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ВАЗ-21099 маркалы автокөлігін айдап әкеткен азамат туралы Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне автотұрақтың күзетшісі телефон арқылы хабар берді. Тәртіп сақшылары көлік ұрлаған күдіктіні қаланың сыртында ұстайды. Тексеру барысында күдікті ұрлап әкеткен көліктің иесі өзі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл көлікті ол Көкшетау қаласының ақылы автотұрақтарының біріне қойған.

Полицейлер көлік иесінің автотұраққа ақша төлемей кеткенін, ал көліктің бұл жерде көп уақыт бойы тұрғанын анықтады. "Тапқыр жүргізуші өз көлігін автотұрақтың қызметі үшін ақшасын төлемей кеткісі келді. Күдікті көліктің қандай жағдайда тұрғанын көргісі келіп, тізгінге отырған да айдап әкеткен", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети