Қостанайда әкімнің тағы бір орынбасары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда әкімнің тағы бір орынбасары ұсталды © "Наш Костанай"

Қостанайда әкімнің тағы бір орынбасары ұсталды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөз бейресми түрде растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда әкімнің тағы бір орынбасары ұсталды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөз бейресми түрде растады. 

"Наша Газета" басылымының мәліметінше, Қостанай әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Фрунзик Аракелян ұсталған. Антикоррупциялық қызметтің қызметкерлері оның жұмыс бөлмесінен құжаттарды тәркіледі. Басылымның құқық қорғау органдарына жақын дереккөзі Аракелянның да, әкімнің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің де Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына байланысты іске тартылып отырғанын хабарлады. 

Еске салайық, таяуда Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевтің ұсталғаны хабарланды. Бүгін Қостанай қалалық №2 соты оны қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай маңында Халыққа қызмет көрсету орталығының (АвтоЦОН) құрылысы кезінде "Сыл" ЖШС-ның мүддесін лоббилеген. Оның Овнянин Гагиктен алған парасы жалпы құны бір миллиард теңгеден асатын құрылыс мердігерлік бюджетінің 50 пайызына дейін жететін пара саналады", - деп жазады Tobolinfo.kz.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети