Қостанайда дүкенді тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда дүкенді тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді © ng.kz

Қостанайда дүкенді тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді, - деп хабарлайды Alau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда дүкенді тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді, - деп хабарлайды Alau.kz.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурызда қала орталығындағы дүкенді тонады деген үшінші күдікті ұсталды.

"3 наурызда үшінші күдікті полиция бөлімшесіне келіп, барлығын мойындады. Жасы 23-те. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін екі күдікті ұсталған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін полицейлердің Қостанайда дүкеннің тоналуына қатысты қылмыстың бетін ашқаны хабарланған еді. "Осы қылмысты ашуға барлық күш жұмылды, арнайы топ құрылды, облыстық ІІД жеке құрамы жұмылдырылды. Кешеді жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Үлкен жұмыс атқарылды. Жақсы нәтиже көрсетті - қылмыс ашылды. Толығырақ ақпарат кейінірек беріледі", - деген еді Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь Беженарь.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда үш ер адамның қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіргені хабарланған болатын. Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети