Қостанайда ер адам қызға үйінің есік ашып беріп, кейін тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда ер адам қызға үйінің  есік ашып беріп, кейін тонап кеткен © komi-news.ru

Қостанайда полицейлер қызға есігін ашуға көмектесіп, кейін тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полицейлер қызға есігін ашуға көмектесіп, кейін тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

24 жастағы қыз пәтерде күйеуімен бірге тұрып жатқанын айтып берді, алайда сол күні кеште күйеуі үйде болмапты. Қыз кірер есігін аша алмай қалып, сатымен түсіп келе жатқан ер адамнан көмек сұраған. 

Ол ештеңеден күдіктенбестен ер адамға кілтін ұстатқан. Жігіт пәтер есігін ашып, кенеттен қызды пәтерге кіргізіп жіберіп, өзі соңынан кірген. Оны ас пышағымен қорқытып, өлтіремін деп, қыздан ақша талап еткен. Сөйтсе үйде ірі көлемде ақшасы болмай, қыз оған қолында бар 1500 теңгесін бере салыпты.

Күдікті ақшаны алысымен үйден қашып шығып кеткен. Жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдары күдіктінің аты-жөнін анықтады, ол бұған дейін сотты болған қостанайлық 28 жастағы азамат болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети