Қостанайда Porsche Cayenne жүргізушісі полицейдің бетінен ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда Porsche Cayenne жүргізушісі полицейдің бетінен ұрған © Tengrinews.kz

Қостанайда полиция қызметкерінің заңды талабын орындамай, оның бетінен ұрып жіберген Porsche Cayenne жүргізушісі сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полиция қызметкерінің заңды талабын орындамай, оның бетінен ұрып жіберген Porsche Cayenne жүргізушісі сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, оқиға 23 сәуірде шамамен 06.00-де Гашек көшесінде болған. 33 жастағы ер адам мас күйінде Porsche Cayenne Turbo S көлігін жүргізіп келе жатқан. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатуын айтқанына қарамай, жүргізуші жол жиегіне барып соқтығысқан. Бұдан кейін ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, құжаттары тексерілген.

Қызметтік автокөліктің ішінде құжаттарды тексеру барысында жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалмақшы болған. Кейін жауапкершіліктен қашып кету мақсатында ол полиция қызметкерлерін қорқыта бастапты. Содан 33 жастағы ер адам полицейлердің бірінің бетіне жұдырықпен соққы берген. Оған енді ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетейік, осы іс бойынша сот талқылауы 5 шілдеде өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети