Қостанайда тағы бір әйел өз баласын пышақтап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда тағы бір әйел өз баласын пышақтап тастады Желіден алынған сурет

Қостанайда анасы 25 жастағы ұлын өлтірді, - деп хабарлайды "Алау" жергілікті порталы. Оқиға 1 қаңтар күні болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда анасы 25 жастағы ұлын өлтірді, - деп хабарлайды "Алау" жергілікті порталы. Оқиға 1 қаңтар күні болған. 

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтар күні таңертең Сьянов көшесіндегі пәтерден 25 жастағы жігіттің денесі табылды, мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері болған. "Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол - марқұм болған жігіттің анасы. Кейін әйелдің өз ұлын пышақтағаны және соның салдарынан жігіттің қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Қостанайда 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрысып, оны пышақтаған еді. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети