Қостанайда үйінен қуылған әке балаларынан 700 мың теңге өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда үйінен қуылған әке балаларынан 700 мың теңге өндіріп алды ©mediananny.com

Қостанайда туған әкелерін үйден қуып шыққан балалары 700 мың теңгеден аса өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда туған әкелерін үйден қуып шыққан балалары 700 мың теңгеден аса өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелімен ажырасқан азаматқа туған ұлдары қарсы шығып, сот шешімімен оны үйден шығарып жіберген. Сот өкілдерінің айтуынша, пәтерді кезінде ерлі-зайыптылар ортақ қаражатқа сатылып алып, 1990 жылы туған үлкен ұлдарының атына рәсімдеген. Себебі өздері мемлекеттік қордан пәтер алу кезегінде тұрғандықтан осындай шешімге келеді. Арада уақыт өткен соң ұлдары үйден қуып шыққан әке қаржылай өтемақы талап етіп, сотқа жүгінуге мәжбүр болыпты.

"Өз шағымында азамат өмір бойы жұмыс істеп, пәтер сатып алуға ақша жинағанын, бүгінде балалары әділетсіздік жасап отырғанын айтады. Баспананы сатып аларда үй құнының басым мөлшерін өзі төлегенінін мәлімдеген талапкер ұлдарының жасына және материалдық жағдайына орай үй сатып алуға мүмкіндіктерінің болмағандығын көрсетеді", -делінген сот хабарламасында. Сөйтіп, Қостанай қалалық соты азаматтың шағымын қанағаттандыру туралы шешім шығарып, әке пайдасына 725 840 теңге көлемінде өтемақы өндірді. Сот шешімі заңды күшіне неген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети