Қостанайлық тұрғын бөтелкенің сынығымен сатушыны тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық тұрғын бөтелкенің сынығымен сатушыны тонап кеткен ©wikipedia.org

Қостанай қаласының тұрғыны гүл сататын дүкеншіні бөтелкенің сынығымен бопсалап, ақша мен ұялы телефонды тонап кеткен. Оқиға 22 тамыздың түнінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының тұрғыны гүл сататын дүкеншіні бөтелкенің сынығымен бопсалап, ақша мен ұялы телефонды тонап кеткен. Оқиға 22 тамыздың түнінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz сілтеме жасап. 

Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері күдікті ер адам дүкеннің терезесін қағып, раушангүл сатылымда бар-жоғын сұрағанын айтты. Ер адам сатушыдан бір раушангүл сұраған. Дүкенде гүл болмағандықтан сатушы іздеуге кеткен. Осы кезде күдікті дүкеннің ішіне кіріп, сатушыға бөтелкенің сынған басымен сес көрсеткен. 

21 жастағы зардап шегуші оған 12 400 теңге ақша мен құны 54 000 теңге ұялы телефонын берген. Түнгі патрульдеу кезінде 36 жастағы күдіктіні ұстап алған. Оқиға нәтижесінде Қостанай обылысының жергілікті тұрғыны екені, осыған дейін сотталғаны анықталған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол Рудный қаласындағы уақытша изоляторға тапсырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети