ҚР ҰҚК Шекара қызметінде жемқорлық фактісі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде жемқорлық фактісі анықталды Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы. Суретті Владимир Дмитриев түсірген

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 10 миллион теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 10 миллион теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу тәртібінің сақталмағаны, қосымша келісімдердің негізсіз жасалғаны, алақол тауар жеткізушілерге қатысты шара қолданбау жағдайлары анықталды. Сондай-ақ, тауарлар мен атқарылған жұмыстарды қабылдауда да заң бұзушылықтар жол берілген. Тексеру ісінің материалдары қылмыстық атқару органына жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға қайшы әрекеттер ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Солтүстік" аймақтық басқармасының қызметінде әшкере болды. Бас әскери прокуратураның тексеруі барысында №2031 әскери бөлімнің қаржылық қызметінен 3,5 миллион теңге болатын заттардың шын мәнінде жеткізілмегені және жеткізілген заттардың техникалық ерекшелігінің талапқа сәйкес болмауы нәтижесінде бес миллион теңгеден аса қаржының мақсатсыз жұмсалу фактілері ашылды.

Нәтижесінде, 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, корупциялық бұзушылықтар жасағаны, өз мүддесін көздеп, жеке кәсіпкерге бұра тартқаны үшін "Солтүстік" аймақтық басқармасынның қойма бастығы Е.А. Ағытаев әскери қызметінен босатылды.

Одан өзге, жеке тұлғаларға заң бұзушылық арқылы бейін көрсеткені үшін Солтүстік" аймақтық басқармасынның "Тобол" шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушысы Р.Т. Біржанов әскери қызметінен босатылды. Ол "12 армян азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деген жалған мәліметті "Беркут" ақпараттық жүйесіне енгізген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети