Қымбат Lexus көліктерін ұрлаумен айналысты деген күдікті Астанада ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қымбат Lexus көліктерін ұрлаумен айналысты деген күдікті Астанада ұсталды © Drive2

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны қымбат көліктерді ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны қымбат көліктерді ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Тергеу барысында күдіктінің арнайы сайттарда Lexus маркалы көліктердің сатылатыны жайлы хабарландыруларды тауып, көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласу арқылы сатушылармен кездескені анықталған. Көлікті қарау кезінде күдікті дабыл жүйесінің маркасын анықтаған. Осыдан кейін арнайы пультпен осы көліктерді ұрлап кетіп, сатқысы келген", - деп хабарлады полициядағылар. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, оның басқа да осы тектес қылмыстармен байланысының бар-жоғы анықталып жатыр.  

Осындай оқиғаға душар болғандар Астана қаласы, Обаған көшесі 18 мекенжайы бойынша немесе 49-70-90, 8-702-468-82-24 телефонд нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети