Қырғызстан азаматшасын тән саудасы құлдығына сатуға тырысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан азаматшасын тән саудасы құлдығына сатуға тырысқан Фото kp.ru сайтынан алынды

Алматыда Қырғызстан азаматшасын тән саудасы құлдығына сатуға тырысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап. Түрксіб ауданының прокуратурасына Ж есімді азаматша бейтаныс ер адам бір мың долларға қыз сатып алу туралы ұсыныс айтқанын хабарлаған. Құл сатумен айналысты деген күдікпен 1984 жылы туған азамат ақша алып жатқан жерінде тұтқындалды. Прокуратура мен ІІД бірлесіп шұғыл іздестіру барысында қылмыскерді Сейфуллин және Аймауытов көшелерінің қиылысындағы "Алаш" стадионының алдында қолға түсірген. Күдіктінің 23 жастағы Қырғызстан азаматшасын сатуға ниеттенгені анықталған. Түркісіб ауданының прокуроры Тимур Атжановтың айтуынша, бұл азаматшаны ұзақ уақыт бойы зорлықпен Алматыдағы әртүрлі пәтерлерде ұстап келген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қызды әрі қарай тән саудасына салу үшін сатпақшы болған. Бұл іс бойынша "Адам саудасы" деген баппен қылмыстық іс қозғалуда. Күдікті тергеу изоляторында. Тергеу жұмыстары жүруде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети