Қырғызстанда экстремистердің қашуына байланысты Жамбыл облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда экстремистердің қашуына байланысты Жамбыл облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді © Tengrinews.kz

Қырғызстанда 2015 жылдың 12 қазанына қараған түні Шу облысында түзету мекемесінен тоғыз экстремистің қашып кетуіне байланысты Жамбыл облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда 2015 жылдың 12 қазанына қараған түні Шу облысында түзету мекемесінен тоғыз экстремистің қашып кетуіне байланысты Жамбыл облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Қырғызстанның тиісті органдарымен бірлескен түрде жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. "Жедел ұстау" жоспары жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Жамбыл облысының ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қашқын қылмыскерлердің біздің территориямызға кірунің жолын кесуге бағытталған", - делінген таралған хабарламада.

Сонымен қатар, полицейлер азаматтық қоғамды қырағы болуға шақырып отыр. Тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан тұлғаларға қатысты қандай да бір мәліметі барлардан "102" телефонына хабарлауды сұрайды.

Осыған дейін Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілгені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Милиция іздестіріп жатқандар экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілі болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети