"Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - ҰҚК © orinfo.ru

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі"не сілтеме жасап. 

2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы "Р" және "Д" қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети