Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым түсірді Ақжарқын Тұрлыбай. © vk.com

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап үкімге шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ақжарқын Тұрлыбайды қорғаушы тарап ҚХР заңнамасымен бекітілген мерзімде апелляциялық шағым түсіруге бастамашылық ететінін хабарлайды. Сонымен қатар, отандасымыздың жазықсыз екені туралы позицияны алға тартуын жалғастырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ҚР СІМ дипломатиялық каналдар арқылы Ақжарқынның мүддесін қорғап ҚХР сот органдарына апелляциялық шағым түсірген", - деп жазды адвокат.

Оның хабарлауынша, апелляциялық соттың істі қарайтын мерзімі белгілі бола сала, ол қыздың туыстарымен бірге сол жаққа ұшып барады. Қорғаушы оң шешімнің шығатынына үмітпен қарап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын, ал үкімге қатысты апелляция жарты жыл қаралатын болады.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети