"Қыз үшін төбелескен. Ол қолына пышақ алып, кеудесіне үш рет соққы жасады"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қыз үшін төбелескен. Ол қолына пышақ алып, кеудесіне үш рет соққы жасады" видеодан үзінді

22 қазанда Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта 20 жастағы Орал қаласының тұрғыны Бекарыс Ғалымжановтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды  ТДК 42.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 қазанда Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта 20 жастағы Орал қаласының тұрғыны Бекарыс Ғалымжановтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды  ТДК 42.

Сот алдына 19 жастағы Берік Титеев келді, ол да облыс тұрғыны. Жігіт үш жыл бойы бір қызбен жүрген, алайда 2019 жылы олар айырылысқан. Қыз Бекарыспен сөйлесе бастаған. Осыны естіген жігіт қызының жаңа досын кездесуге шақырған. Олар маусымның 6-нан 7-не қараған түні Сарытау ықшамауданында № 50 мектебінің маңында болған. Екі жігітте достарымен келген, олар екеуінің жанжалын бақылап отырған. 

"Титеев Ғалымжановты ұрған, алайда ол бүгіп қалып өзіне бірнеше соққы жұмсаған. Осы кезде Титеев қолына пышақ алып, кейде тұсына үш рет пышақ ұрған, соның салдарынан ол қайтыс болды", - деді судья Бахыт Ермаханов. 

Сотта сотталушының әрдайым пышақ ұстап жүретіні айтылды, оның достары да төбелес кезінде пышақ қолданатын болған. 

"Олар қыз үшін төбелесті. Титеев менің інімді кездесуге шақырды. Кездесу адам өлімімен аяқталды", - деді қайтыс болған жігіттің әпкесі Қатия Көшенова. 

Сот үкімімен Берік Титеев 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қауіпсіздігі қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ, ол зардап шеккен тарапқа материалдық және моральдық өтемақы ретінде үш миллион 800 мың теңге төлеп беруі тиіс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети