Қызылорда аудандық ІІБ басшысының орынбасарына пара алғаны үшін 8 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда аудандық ІІБ басшысының орынбасарына пара алғаны үшін 8 миллион теңге айыппұл салынды © Tengrinews.kz

Қызылорда облысы Шиелі аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәурен Дүйсенаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы Шиелі аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәурен Дүйсенаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына қарағанда, 2016 жылдың 9 қыркүйегінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жол бойындағы дәмхананың маңында тұрған жүк көлігінің құжаттарын тексерген. Жүк көлігі мұнай қалдығын тасып келе жатқан. Содан Дүйсенаев көлік жүргізушісіне жүктің құжаттарының дұрыс емес екенін айтып, көлікті айыппұл тұрағына жеткізген. Осы мәселені шешіп беру үшін полицей 150 мың теңге сұраған. Кейінірек оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер ұстады.

Осылайша, аудандық ІІБ басшысының орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпты деп танылды. Шиелі аудандық соты оған айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Дүйсенаев өмір бойына құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және "полиция майоры" атағынан айырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети