Қызылорда облысында "Қызыл кітапқа" енген қарақұйрықтарды аулаған браконьерлер қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында "Қызыл кітапқа" енген қарақұйрықтарды аулаған браконьерлер қолға түсті © Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

Қызылордалық полицейлер "Қызыл кітапқа" енген қарақұйрық аңын аулаған браконьерлерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық полицейлер "Қызыл кітапқа" енген қарақұйрық аңын аулаған браконьерлерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл ақпанның 15-25 күндері аралығында экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Қызыл кітапқа" енгізілген қарақұйрық аңын аулаған браконьерлер қолға түсті. 

Оқиға 2017 жылғы ақпан айының 21-нен 22-не қараған түні сағат 05.00 шамасында болған. Қызылорда облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің жедел топ мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстары барысында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым қашықтықтағы далалық жерде "Toyota Land-Cruiser" маркалы автокөлігі тоқтатылады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 33 дана қоянның және 2 дана қарақұйрық аңының өлі денелерін анықталды. Сонымен қатар 2 дана аңшы мылтығы мен 19 дана оқ айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді.

Оқиға орнынан 1986 жылы туылған автокөлік жүргізушісі мен 1985 жылы және 1992 жылы туылған жолаушылары ұсталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Олардың кінәсі дәлелденген жағдайда, олар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген аң түрлерін аулағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға (11 миллион 345 мың теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети