Қызылордада 66 миллион ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 66 миллион ұрлаған ер адам ұсталды

Қызылордада 66 миллион теңге ақшаны ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 66 миллион теңге ақшаны ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Казпошта мекемесінің ішінен 66 миллион теңге көлеміндегі қаржыны ұрлаған 50 жастағы азамат ұсталды.

Оқиға 2017 жылдың желтоқсан айының 17-нен 18-не қараған түні болған. Белгісіз ер адам Шиелі кентінде орналасқан Казпошта ғимаратының ішіне пластик терезін ашу арқылы жасырын кіріп, еденде жатқан шүберектен жасалынған қапшық ішіндегі жалпы сомасы 66 000 000 теңгені құрайтын ақшаны және макаров тапаншасын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалайды.

Жедел түрде іздестіру шаралары қабылданып, нәтижесінде Шиелі ауданының 1967 жылғы тұрғыны ұсталып, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Осы дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети