Қызылордада немересі шетінеп кеткен әйел бір жыл бойы заңсыз жәрдемақы алып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада немересі шетінеп кеткен әйел бір жыл бойы заңсыз жәрдемақы алып келген

Қызылорда облысында шетінеп кеткен немересіне бір жыл бойы жәрдемақы алып келген жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында шетінеп кеткен немересіне бір жыл бойы жәрдемақы алып келген жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Бұл жайында арна тілшілеріне облыстық прокуратураға қарасты басқарманың аға прокуроры Ерлан Жоланов хабарлады. Арал ауданының прокурорлары мәселенің мән-жайын анықтады, сөйтсек, 2010-жылдың 8 қазанында дүниеге келген сәби 12 қазан күні шетінеп кеткен. Бірақ нәрестенің әжесі өмірде жоқ немересіне бір жыл бойы мемлекеттен жәрдемақы алып келіпті. Сөйтіп, 117 мың 129 теңгені өз пайдасына жаратқан. Арал аудандық сотының шешімімен әйел мемлекетке келген шығынды толық қайтаруы тиіс. Және істеген ісі үшін жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокурары Ерлан Жолановтың айтуынша, әйел немересінің туғаннан кейін бір жылдан кейін қайтыс болғанын айтқан. "Арал ауданы соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 420-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп табылып бір жылға бас бостандығына шектеу қойылды. Себебі осы аталған немересінің бір жылдан кейін қайтыс болған деп жалған айғақ берген", - деді ол.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети