Қызылордада сайт ашып, тұрғындарды алдап соққан әйел сотталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада сайт ашып, тұрғындарды алдап соққан әйел сотталды Cурет: Tengrinews.kz

Қызылорда қаласында тұрғындарды алдап, қыруар қаржысын иемденіп кеткен әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласында тұрғындарды алдап, қыруар қаржысын иемденіп кеткен әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК

Оңай олжа іздеген әйел арам пиғылын іске асыру үшін WhatsApp мессенджерін пайдаланған. Сонда жалған жоба жасап арнайы сайт ашқан. Ол тұрғындарды сол жобаның есепшотына ақша салса, кейін қаражатын 60 пайыз үстемақы арқылы қайтарып алатынын жеткізген. 

"Осылайша ол адамдардың салған ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан шектелді", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің өкілі.

Соңғы уақытта Сыр өңірінде интернетте немесе ұялы телефонмен адамдардың сеніміне кіріп, есепшотына ақша салдырған алаяқтар көбейіп отыр. Биыл ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықтың 189 дерегі анықталған. 2019 жылдың 10 айында алаяқтық жасағаны үшін ұсталған 242 қылмыскердің 160-ы әйелдер.

"Алаяқтық қылмысын ашуда қиындық туғызатын мәселе - жәбірленушілердің кеш арыздануы. Есепті мерзімде алаяқтық қылмысы бойынша 26 жәбірленуші құзырлы органдарға кеш арызданған. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей адамдардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін ескере кетуіміз керек. Міне, осы жайттың барлығы алаяқтың арбауына түсуіне әкеп соғады", - дейді ведомство мамандары.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети