Қызылордада ТЖД басқарма басшысы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада ТЖД басқарма басшысы парамен ұсталды Фото vesti.kz сайтынан алынды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы жүйелі түрде пара алған деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Қаржы полициясына сілтеме жасап. Қаржы полициясының мәліметінше, Ғалымжан Төрешов өзінің қызметтік кабинетінде Ұлттық банктің Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасарынан пара алған. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Төрешов Ұлттық банк филиалының өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөнінде оң шешім шығаруға келіскен. Айта кетейік, филиал директорының орынбасарына қатысты да пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан кейін, Қызылорда облыстық ТЖД бас маманына қатысты да қызметтік өкілдігін асыра пайдаланып, жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. ҚР Ұлттық банк филиалы директорының орынбасарынан пара алған соң Төрешов бас маманға оң шешім шығару жөнінде нұсқау берген. Аталмыш қызметкер өрт қауіпсіздігі шараларының сақталмауына қарамастан оң шешім шығарады. Бұдан басқа, қаржы полициясы облыстық ТЖД басқарма бастығының тағы да екі рет пара алғаны жөніндегі фактіні анықтады. 2014 жылдың қаңтар айында Төрешов техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) бар кәсіпкерден өрт қауіпсіздігін сақтамағанын жасыру үшін пара алған. Сонымен бірге Қаржы полициясының мәліметінше, ол кешенді жөндеу жұмыстарынан соң мемлекеттік қабылдау комиссиясының оң шешім шығарғаны үшін ЖШС-лардың бірінің басшысынан ақшалай сыйақы алған. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық ТЖД басқарма басшысы Төрешов сот санкциясымен қамауға алынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети