Қызылордада жемқорлыққа қатысты іс 40,2% өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жемқорлыққа қатысты іс 40,2% өсті © Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 40,2 пайызға өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда облыстық прокуратурасының бірінші басқарма бастығы Ғалым Едігеевтің айтуынша, 2013 жылы аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы 129 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 92 қылмысты құраған еді. Осы санаттағы тіркелген қылмыстық істердің басым бөлігі Қызылорда қаласының еншісіне тиеді. Облыстық қылмыстық ізге түсу органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 115 қылмыстық іс қозғалған. 2012 жылы ол 95 қылмысты шамалады. Оның ішінде қаржы полициясы органдары 90 (2012 жыл –77), прокуратура 15 (10) және ішкі істер органдары 10 (1) қылмыстық іс қозғаған. Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың 22-і жергілікті, 78-і орталық атқарушы органдардың қызметкерлері үлесіне тисе, 29-ы жеке тұлғалар жасаған. Олар өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп қалу және ысырап ету, алаяқтық қызмет, өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану, пара беру, парақорлыққа делдал болу, жалған құжаттар жасау сынды қылмыстарға жол берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети