Қызылордада жұртшылықтың үрейін алған рэкеттер ұсталды

© wach.com

?ызылордада азаматтарды ?ор?ыту ар?ылы пайда табуды к?сіп еткен ?ылмысты? топты? ?ш м?шесі ?сталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?ызылорда облысыны? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордада азаматтарды қорқыту арқылы пайда табуды кәсіп еткен қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биыл 17 қарашада сағат 18.30 шамасында Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шиелі ауданының 33, 31, 24 жастағы 3 тұрғыны ұсталып, адамдарға физикалық күш қолдану арқылы мүлікті қорқытып талап еткендері анықталды. Тексеру барысында олардан газды травматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ анықталып, айғақ зат ретінде алынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, үйіне жүргізілген тінту барысында сарайынан тапаншаның оқжатары, аңшы мылтықтары, аңшы мылтығының патрондары, табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Реклама
Реклама

Қазіргі танда бұл дерек ҚР Қылмыстық көдексінің 194-бабы 2-бөлігі және 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, күдіктілерге қатысты сот "күзетпен қамауда ұстау" бұлтарпау шарасын таңдады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама