Қызылордалықтың үйінде үш келіден аса есірткі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалықтың үйінде үш келіден аса есірткі табылды © Vse42.Ru

Қызылордалық полицейлер 3 келіден аса есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық полицейлер 3 келіден аса есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында өткізіліп жатқан "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын аса ірі көлемде сақтап жүрген қызылордалық 1974 жылғы тұрғынды анықтап, құрықтады.

"Сезіктінің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат және есірткіге ұқсас заттек салынған сөмке анықталды. Аталған заттар заттай айғақ ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша, зат салмағы 3 келі 425,17 грамм болатын "кептірілген марихуана" екендігі белгілі болды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті тұлға оқиға орнынан ұсталып, Қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети