Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды © Weaponplace.ru

"Журналисты в беде" қоғамдық қорының төрағасы Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды. Бұл туралы журналист Розлана Таукина хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Журналисты в беде" қоғамдық қорының төрағасы Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды. Бұл туралы журналист Розлана Таукина хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әріптесі Астанаға кетіп бара жатқан. 

"Бүгін таңғы бесте Рамазан Есергеповтің телефонынан қоңырау түсті, бірақ Рамазан сөйлескен жоқ, пойыздың жолсерігі сөйлесті. Ол жолсерікке маған хабарласып, пышақ жарақатын алғанын хабарласуын сұрапты. Сосын мен осы телефон нөміріне қайта-қайта телефон соқтым, бірақ ешкім көтермеді. (...) Олар Шуға келгенде жолсерік жедел жәрдем мен полиция шақырыпты. Рамазан ауруханаға жеткізілгенде, телефон аудандық ІІБ тергеушісінің қолына түсіпті, сол тергеуші маған хабарласып туысысыз ба деп сұрады", - деп хабарлады Таукина.

Оның сөзінше, тергеуші Рамазанның ішіне пышақ жарақаты салынғанын, қазір ауруханаға жатқанын айтқан. Қазір ота жасалып жатыр екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.66  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети