"Журналисты в беде" қоғамдық қорының төрағасы Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды. Бұл туралы журналист Розлана Таукина хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
"Журналисты в беде" қоғамдық қорының төрағасы Рамазан Есергеповке шабуыл жасалды. Бұл туралы журналист Розлана Таукина хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әріптесі Астанаға кетіп бара жатқан.
"Бүгін таңғы бесте Рамазан Есергеповтің телефонынан қоңырау түсті, бірақ Рамазан сөйлескен жоқ, пойыздың жолсерігі сөйлесті. Ол жолсерікке маған хабарласып, пышақ жарақатын алғанын хабарласуын сұрапты. Сосын мен осы телефон нөміріне қайта-қайта телефон соқтым, бірақ ешкім көтермеді. (...) Олар Шуға келгенде жолсерік жедел жәрдем мен полиция шақырыпты. Рамазан ауруханаға жеткізілгенде, телефон аудандық ІІБ тергеушісінің қолына түсіпті, сол тергеуші маған хабарласып туысысыз ба деп сұрады", - деп хабарлады Таукина.
Оның сөзінше, тергеуші Рамазанның ішіне пышақ жарақаты салынғанын, қазір ауруханаға жатқанын айтқан. Қазір ота жасалып жатыр екен.