Ресей Қазақстанға 20 жыл бойы жасырынып жүрген топтық қарақшылық бойынша күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің 2006 жылы Павлодарда бір топ адаммен бірге қару ретінде қолданылатын затты пайдаланып, қарақшылық шабуыл жасағаны және жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталған.
Қылмысқа қатысқан басқа адамдар түрлі мерзімге сотталды, ал осы фигурант қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
2025 жылдың қыркүйегінде ол Новосибирск облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Оған тағылған айып бойынша қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Грузиядан Қазақстанға полицейге пара берді деген күдікті экстрадицияланған болатын.