Ресей күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялады: олар өмір бойына сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Адам өлтірді деген күдіктілер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам өлтірді деген күдіктілер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды.

"Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған. Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген.

Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақаттарын келтірген. Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші өмір белгілерін бермегеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші ауыр дене жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды.

"Қалған екі іздеудегі күдікті былтыр шілдеде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды".

Айыпталып отырған қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар әшкереленгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети