Ресей іздеу жариялаған алаяқ 17 жылдан кейін Қазақстанда ұсталды

20 Мамыр 2014, 17:05
0
Ресей іздеу жариялаған алаяқ 17 жылдан кейін Қазақстанда ұсталды - Фото kiyany.obozrevatel.com сайтынан алынды
Фото kiyany.obozrevatel.com сайтынан алынды

Ақмола облысының полиция қызметкерлері 1997 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1954 жылы туған ер адам 1997 жылы Ресей Федерациясында қылмыс жасап, сол жылдан бері Ресей ІІМ-нің Владивасток қалалық басқармасы оған іздеу жариялады. Қылмыскерді Көкшетау қаласына кіре берісте қалалық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, іздеуде жүрген азамат 17 жыл бұрын РФ Қылмыстық кодексінің 159 бабы 3 тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыс жасап, үш вагон балықты иемденіп кеткен. Осындай қомақты тауармен бірге ол елден ғайып болып, осы уақытқа дейін Теміртау қаласында тұрған және құрылыспен, үй жөндеумен айналысқан. Қазір қылмыстық іс бойынша барлық материалдар Ресей Федерациясына жіберілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай