Ресейде жеті қызды зорлап өлтірген қылмыскер Қарағандыда іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде жеті қызды зорлап өлтірген қылмыскер Қарағандыда іздестіріліп жатыр Валерий Андреев. © Воронеж облыстық ІІМ МБ

Ресейлік полицейлер Қазақстанның орталығынан Орск тумасы Валерий Андреевті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресейдің жетекші ақпарат құралдары оны "орск маньягы" деп атайды, ол ең кемі жеті қызды зорлап өлтірді деген күдік бар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік полицейлер Қазақстанның орталығынан Орск тумасы Валерий Андреевті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресейдің жетекші ақпарат құралдары оны "орск маньягы" деп атайды, ол ең кемі жеті қызды зорлап өлтірді деген күдік бар.

Әлеуметтік желіде пайда болған тұспалдар бойынша, Ресейдің ІІМ Орынбор облысы бойынша басқармасы аса қауіпті қылмыскерді Қарағанды қаласының аумағынан іздестіріп жатыр. Ресейлік полицейлердің мәліметтері бойынша, 55 жастағы күдіктінің бойы - 173 сантиметр, беті сопақ, шашының түсі қарақоңыр, ағарған. Мұндай белгілері бар ер адамды Октябрь секторы аумағынан көргендер бар, ол өтіп бара жатқан қыздарға жармасқан.  


© facebook.com

Сонымен қатар, Қарағанды ІІБ мамандары бұл тұспалдарды алғандарын хабарлады. Кезекші бөлімдегілердің айтуынша, қазіргі таңда қалалық басқарманың қызметкерлері күдіктіні іздеуге кірісті.

Ресейдің бірқатар федералдық ақпарат құралдарындағы мәліметтер бойынша, Валерий Андреев 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Оның Орынбор облысында әйелдерді ұрлап әкетіп, зорлап өлтірудің бірқатар дерегіне қатысы бар. Тергеушілер оның жеті әйелдің із-түссіз жоғалып кетуіне қатысын дәлелдеді. Андреевтің қайда жүргені туралы хабар бергендерге 500 мың рубль көлемінде сыйақы табыс етіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети