Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ресейде жеті қызды зорлап өлтірген қылмыскер Қарағандыдан табылмады

29 Қазан 2015, 11:12
0
Валерий Андреев. © ІІМ Воронеж облыстық МБ
Валерий Андреев. © ІІМ Воронеж облыстық МБ

Ресей полицейлері іздеп жүрген Орск тумасы Валерий Андреев Қарағанды облысынан табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, тұлпалдар Ресейден осыдан үш жыл бұрын түскен. "Көрсетілген тұспалдар 2012 жылы келіп түсті. Сол кезде қажетті шаралардың барлығы жүргізілді. Ол адам Қарағанды облысының аумағынан табылмады", - деп мәлімдеді телефон арқылы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Ол сонымен қатар, Ресей ІІМ Орынбор облысы бойынша басқармасының сол уақыт ішінде Қарағанды облыстық ІІД-ге қайтадан хабарласпағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік полицейлердің Қазақстанның орталығынан Орск тумасы Валерий Андреевті іздестіріп жатқандары хабарланған болатын. Ресейдің жетекші ақпарат құралдары оны "орск маньягы" деп атайды, ол ең кемі жеті қызды зорлап өлтірді деген күдік бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай