Ресейде қазақ мәдениеті ұйымының басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерназар Нұриев. НТВ телеарнасының кадры Ерназар Нұриев. НТВ телеарнасының кадры

Мәскеуде тергеушілер қазақ мәдениеті ұйымының басшысы Ерназар Нұриевтің ісін сотқа жібермек. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды НТВ

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде тергеушілер қазақ мәдениеті ұйымының басшысы Ерназар Нұриевтің ісін сотқа жібермек. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды НТВ

Тергеу мәліметі бойынша, 2016 жылы "Алтын күз" қазақ әндерінің фестиваліне Мәскеу билігі екі миллион рубльге (11,5 миллион теңге) жуық қаражат берген. Бірақ бұл ақша толығымен фестивальға жетпеген. Мысалы, келісім бойынша байқау финалистері Мәскеудегі қонақүйде тұруы қажет болған. Бірақ тексеріс кезінде қатысушылардың ешқайсы қонақүйде болмағаны анықталған. Ал қонақүйдің ақшасы төленіп қойған екен. 

Іс материалдары бойынша, Нұриев берілген ақшаның 400 мың рублін (2,3 миллион теңге) өзіне алып қалған. Жедел топ пен арнайы жасақ қызметкерлері қазақ мәдениеті ұйымы басшысының үйін тінтіп шықты. Нұриев есікті ашпауына байланысты, арнайы жасаққа күш көрсетуге тура келген. 

Әзірше тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру бойынша бір эпизодты дәлелдей алды, оны Нұриев мойындаған. Енді ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro