Ресейде іздеуде жүрген 9 қылмыскер Батыс Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Ресейде іздеуде жүрген 9 қылмыскер Батыс Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Облыс территориясында 16-17 наурыз аралығында ТМД құқық қорғау органдарымен бірлескен "Іздестіру" операциясы жүргізілді. Осы уақытта БҚО ІІД бөлімшелері 18 қылмыскерді анықтап, ұстады.
"Облыс территориясында полиция қызметкерлері РФ құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 9 қылмыскер ұсталды, олардың екеуі 10 жылдан бері іздеуде екен. Атырау облысында ІІД іздестіріп жатқан тағы екеуі Орал қаласынан табылды. Самара облысында ресейлік әріптестерімен бірге жеті миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін Орал қалалық ІІБ іздестіріп жатқан азамат Гроздов ұсталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкідері.