Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ресейге 40 тонна шошқа етін заңсыз алып өтпек болған 17 наурыз 2014, 14:23

"Сырым авто" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары жүктің рұқсат қағаздары мен ветеринариялық сертификатқа сәйкес келмейтінін анықтады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

©Оede.by ©Оede.by
Қазақ-орыс шекарасында шошқа еті контрабандасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. "Орал шекара отрядына қарасты "Сырым авто" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары MAN автокөлігімен Ресей жеріне бағыт ұстаған қазақстандық үш азаматты ұстады. Олар мінен автокөлікті қарау кезінде 40 тонна шошқа еті табылды", - делінген хабарламада. Шекара қызметі мамандарының мәліметінше, күмәнді жүк көлігінің қағаздары мен ветеринарлық сертификаты сәйкес келмей шықты. Қазақстан-Ресей шекарасында осы күні тағы бір контрабанда дерегі тіркелді. 42 жастағы Қазақстан азаматы "КамАЗ" жүк көлігімен Ресейге 15 тонна металл алып өтпек болған. Қара металл сынықтарының тиісті құжаттары болмай шықты. Тиелген жүктің нарықтағы құны - 2 млн теңге. Еске сала кетейік, 10 шақты күн бұрын Қазақстан-Ресей шекарасында 125 тонна жанар-жағармай тәркіленген болатын. Қазақстаннан заңсыз тасымалданған сұйық отынды Алтай кеден қызметінің өкілдері әшкереледі.

Join Telegram