28 қыркүйек 2021 14:34

Ресейлік азамат өз елінде кісі өлтіргені үшін 30 жыл бойы Семейде жасырынған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:идапка.ги Иллюстрациялық фото:идапка.ги

74 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 1992 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалған есіммен өмір сүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


74 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 1992 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалған есіммен өмір сүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алынған ақпараттың арқасында қылмыскердің ізіне түсуге мүмкін болды.

"Семей қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылдай құқық қорғау органдарынан жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған", - делінген департаментте.

Қашқынның күйеу баласын өлтіргені үшін іздеуде болғаны анықталды. 30 жыл бойы ол жалған есіммен әйелмен бірге өмір сүріп, өзі туралы нақты ақпаратты жасырған. Ер адам өз үйінде ұсталды.

"Қазіргі уақытта қылмыскерді Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді департамент басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети