Риддерде жоғалған құжатты қолдан жасамақшы болған азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддерде жоғалған құжатты қолдан жасамақшы болған азамат ұсталды

Риддер қаласының тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне құжаттарды қолдан жасамақшы болған азаматты ұстап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны жеке куәлігін жоғалтып алған көрінеді. Мұны естіген оның танысы өз қызметін ұсынып, қосымша ақшаға жеке куәлігін қалпына келтіруге сөз берген. Кейін қылмыскердің құжатты үйдегі компьютер арқылы жасамақшы болғаны анықталды. Бонус ретінде ол жергілікті тау-кен байыту кәсіпорнына пропуск жасап беруді ұсынған. Ол мұндай құжаттың жергілікті тұрғындардың арасында үлкен сұрасынқа ие екенін және белгілі бір жеңілдіктердің берілетінін айтқан. Бағасына келіскен жолдастар келесі күні кездесіп, ақша мен жеке мағлұматтарды алуды ұйғарады.

Тапсырыс берген адам үйіне келген соң ойын өзгертіп, заңсыз жолмен жүруден бас тартып, ҰҚК-ға аттанады, ол мамандарға болған жайтты баяндады. Тапсырысты алған азамат ақшаға қол жеткізгеннен кейін бірден ұсталды. Оның компьютер мен кеңсе техникаларын жөндеп табыс табатыны белгілі болды, ал бұл қылмысқа ол ақша керек болғандықтан барыпты. Риддер қалалық сотының үкімімен ер адамның бас бостандығына бір жылға дейін шектеу қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети