22 қаңтар 2020 17:30

Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

© Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына Рудный қаласында газдандыру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасағаны үшін 10,5 миллион теңге көлемінде пара берген деп күдіктеледі. Процессуалдық ұстау кінәні мойындағаны және күдіктіге және оның қорғаушысына келуге міндеттеме бергеніне байланысты қолданылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Жоғарыда айтылғандай, Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына пара алды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәсінің дәрежесін сот шығарады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram