© alau.kz
Рудный тұрғыны өзінің үйлену тойын өткізу үшін банкті тонамақ болған, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.
Рудный тұрғыны өзінің үйлену тойын өткізу үшін банкті тонамақ болған, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.
Банкті тонамақ болған ер адамды қаржы мекемесінің күзетшісі ұстаған. Полицейлер келген уақытта ұсталған азамат осы қылмысқа неліктен бармақ болғанын айтып берді. Ол бұл іске баруының себебін банк қызметкерлерінің оған үйлену тойын өткізуге үлкен сомадағы несиені беруден бас тартқанымен байланыстырып отыр.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 26 жастағы ер адам осы қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.