Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Тобол-Инфо" ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Тобол-Инфо" ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Юлия - "Нұр Отан" партиясының мүшесі әрі қалада белгілі тұлға. Мәслихатта ол әлеуметтік және экология саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құрамына енді. Журналистер депутаттың әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу жасай келе "қызықтың көкесін тауыпты".
"Оның әрекеттері жас партиялықтың және жастар саясатын басқаратын адамның моральдық келбетімен жанаспайды. Оның барлық аккаунты күмәнді мәндегі әдемі суреттерге толы", - деп жазады басылым тілшісі.
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде журналистер Юлияның жас қыздарға шетелде жалақысы көп жұмыс ұсынған хабарламасын тауып алыпты. Қыздарды Араб Әмірліктеріне, Бахрейн Корольдігіне, Сингапурға, Қытайға және Түркияға апару көзделіпті. Ал жеке хаттарында жұмыстың қандай сипатта екені айтылыпты. Юлия Каралаш пен Ксения Гамова қыздарға 2-3 аптаның ішінде 5-тен 10 мың долларға дейін табысы бар жұмыс ұсыныпты. Ал қауіпсіздік жағы қалай болады деген сұраққа Юлия барлық жолының реттелгенін айтып жауап берген. Мұнымен қатар, ол жас қыздарға клиенттер сақтанатындықтан, ауру жұқтыру қатері жоқтығын айтып, сендірген делінеді.
Юлия Каралаш. © ng.kz сайтынан және депутаттың жеке аккаунтынан