01 қазан 2020 | 13:48

Рудныйда екі әйелді өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ng.kz Фото: ng.kz

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі әйелді өлтірген рудныйлыққа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі әйелді өлтірген рудныйлыққа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді.

"Сотталушы үйленген. Оның кішкентай баласы бар. Соған қарамастан ол Рудныйда жас қызбен көздесіп жүрген. Ол қызбен байланысын жасыру үшін оны жалдамалы пәтерінде өлтірген. Ол қыздың мойнына пышақ сұғып алған. Қыз өлер алдында әжесіне өзінің мекенжайын SMS-пен жіберіп үлгерген. Оны білген күдікті қыздың әжесінің пәтеріне барған. Ер адам оны да мойнына пышақ сұғып өлтірген. Кейін денелерді бөлшектеп, сөмкеге салған. Оны пәтеріндегі балконда сақтаған. Кейін оны Тобыл өзеніне ағызып жібермек болған", - дейді судья Жанар Тілеубаева.

Судьяның айтуынша, ер адам бұл қылмысқа мұқият дайындалған.

Күдікті бұрын қасақана кісі өлтіргені үшін сотталғандықтан оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін мойындаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, жантүршілерлік қылмыс былтыр ақпанда болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети