Рудныйда көршісі анасымен қоса өртеп жіберген баланың жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда көршісі анасымен қоса өртеп жіберген баланың жағдайы айтылды Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері рудныйлық үш жарым жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері рудныйлық үш жарым жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап. 

Денесін күйік шалған сәби Рудный қаласынан Қостанайға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Телеарна тілшісінің сөзінше, жағдайы өте ауыр. Мамандар қандай да бір болжам жасай алмай отыр.

Еске салайық, кеншілер қаласында 44 жастағы ер адам қолында баласы бар көрші әйелге керосин шашып, өртеп жіберген. Қос білегін күйік шалған келіншек алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді. Ал бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети