21 шілде 2016 | 18:36

Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Күлекбаевты ұстаған кез Руслан Күлекбаевты ұстаған кез

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Күлекбаев автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қарақшылық" бабы бойынша бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Кейінірек тергеу мәліметінше, Күлекбаев әйелді өлтіріп, "Адам өлтіру"бабы бойынша айыпталады. Осы екі бап бойынша бұл қылмыскердің ісі алты тармақ бойынша жүргізіледі: бірнеше полицейді өлтіргені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 269-бабы бойынша ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алу" ) ол сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 255-бабы "Терроризм актісі" бойынша да күдіктілердің қатарына ілініп отыр. Ол бап бойынша Руслан Күлекбаев 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында іс тағы бір бап бойынша жүргізіліп жатыр. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу" бойынга Күлекбаев 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған дейін заңгер Асхат Оразаев алматылық атқыштың өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полиция қызметкерлерін өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Сонымен қатар, Алматылық атқыш Күлекбаевтың тағы да төрт қарулы шабуылға қатысы бар екені туралы айтылған еді. Айта кетейік, бұл іске қатысты Күлекбаевтың бірінші әйелі де түсінік берді. Ол бірінші әйелімен бостандыққа шыққан соң, яғни 2015 жылдың соңына дейін жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Ол да бұрынғы күйеуінің құбылмалы мінезі бар екенін растады", - деді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети