Руслан Күлекбаевтің құрбаны бола жаздаған алматылық кәсіпкер оқиғасын баяндады

24 Қазан 2016, 12:36
0
Руслан Күлекбаевтің құрбаны бола жаздаған алматылық кәсіпкер оқиғасын баяндады -

Алматылық кәсіпкер сотта Руслан Күлекбаевтің оған 2015 жылдың қараша айында жасаған шабуылы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотқа Вячеслав Мещанинов жәбірленуші ретінде қатысып отыр. Ер адам сотта жауап бере отырып, оған жасалған шабуыл туралы айтып берді.

"2015 жылдың 23 қарашасында сағат 19.00-де Руслан Күлекбаев мені үйдің кіреберсінде күтіп алып, маған бес рет оқ атты. Атқан оғының екеуі маған тиді. Содан ол қолымнан түсіп кеткен сөмкені алып кетті", - деді ер адам травматикалық қарудан екі жарақат алғанын айта отырып. Сөмкеде Айпад-2 маркалы екі планшет болған, ал сөмкенің өзі 40 мың теңгеге бағаланған екен. Осылайша Күлекбаев оған 150 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Сонымен қоса, тергеу мәліметінше, Күлекбаев өзінің бірнеше сыбайласымен (қазір сотта отырған сыбайластары) кәсіпкерге қаруланған шабуыл жасаған. Күлекбаев сыбайластарына кәсіпкердің алкогольді ішімдіктерді сатумен айналысады деп айтқан. Осылайша қылмыскер 5-6 миллион теңге көлеміндегі ақшаны иеленбек болған. Алайда кәсіпкер Мещаниновтың өзі сот залында автобөлшек саудасымен айналысатынын айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, ол Күлекбаевті полиция қызметкерлері фото арқылы тануға шақырған кезде таныған.

Айта кетейік, Руслан Күлекбаевпен бірге сотта Рафик Лю, Жасұлан Сапарбеков, Ербол Кұсайынов, Нұрсұлтан Әбдімомын мен Әсемкүл Дәурен жауап беріп отыр. Сондай-ақ, бүгін сот отырысы барысында сотталушылар жайлы мәліметтер де айтылды.

Руслан Күлекбаев - 1990 жылғы, Қызылорда облысының тумасы. Үйленген, екі баласы бар. Осыған дейін екі рет сотты болған - 2010 жылы және 2012 жылы.

Рафик Лю - 1985 жылғы, Жамбыл облысының тумасы. Бірнеше жыл бұрын Алматы аудандық соты оны тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырған. Шартты түрде босатылған. 18 тамыздан бері қамауда.

Жасұлан Сапарбеков - 1991 жылғы, Жамбыл облысының Қаратау қаласының тумасы. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеп жатыр. 1 жыл 3 айға дейін бас бостандығынан айырылған.

Ербол Құсайынов - 1984 жылғы, Жамбыл облысының тумасы. Ұлттық аграрлық университтетті аяқтаған. Кішкентай екі баласы бар. 8 тамыздан бері қамауда.

Әсемкүл Дәурен 1985 жылғы, үш баласы бар. Осыған дейін сотты болмаған.

Әбдімомын Нұрсұлтан - 1995 жылғы, ОҚО тумасы. Еуразиялық технологиялық университте білім алған. Үйленбеген, осыған дейін сотты болмаған.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты. 

Ал бүгін, 24 қазанда Алматыда шілдедегі теракт ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Онда адвокаттар бес сотталушының Күлекбаев жасаған терактіге қатысы жоқ екенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай