03 ақпан 2014 | 10:55

Рысқалиев құрған қылмыстық топ серкелерінің бірі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша айыпталушылар. ©Баубек Қоңыров Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша айыпталушылар. ©Баубек Қоңыров

Мәскеуде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің бірі - кәсіпкер Олег Павличенко ұсталды. Бұл туралы "Мегаполис" газеті Атырау облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Заңғар Заңқановқа сілтеме жасап хабарлайды. "Біз Павличенконың Мәскеудегі тұрып жатқан орнын анықтадық, ол сол жерде ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Бас прокуратурасы оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр", - деді қаржы полициясының өкілі. Ақтөбе облысында туған Олег Павличенко 43 жаста, оған 2012 жылдың 16 қазанынан бері халықаралық іздеу жарияланған еді. Сот оны сырттай тұтқындауға санкция берген болатын. Павличенко Атырау облысының құрылыс нысандары үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырды және жалған кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, ол - Рысқалиев құрған қылмыстық құрылым жетекшілерінің бірі. Tengrinews.kz 23 қаңтарда Атырауда Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот процесі басталғанын еске салады. Бұл іс бойынша сотта 22 адам айыпталушы ретінде жауап береді. Олардың дені - бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер. Ағайынды Рысқалиевтердің өзі елден қашып кеткен.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети