Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.05
EUR / KZT - 394.49
CNY / KZT - 50.63
RUB / KZT - 5.85

Рысқалиев құрған қылмыстық топ серкелерінің бірі ұсталды

03 Ақпан 2014, 10:55
0
Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша айыпталушылар. ©Баубек Қоңыров
Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша айыпталушылар. ©Баубек Қоңыров
Олег Павличенко. ©Мegapolis.kz
Олег Павличенко. ©Мegapolis.kz
Мәскеуде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің бірі - кәсіпкер Олег Павличенко ұсталды. Бұл туралы "Мегаполис" газеті Атырау облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Заңғар Заңқановқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз Павличенконың Мәскеудегі тұрып жатқан орнын анықтадық, ол сол жерде ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Бас прокуратурасы оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр", - деді қаржы полициясының өкілі.

Ақтөбе облысында туған Олег Павличенко 43 жаста, оған 2012 жылдың 16 қазанынан бері халықаралық іздеу жарияланған еді. Сот оны сырттай тұтқындауға санкция берген болатын. Павличенко Атырау облысының құрылыс нысандары үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырды және жалған кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, ол - Рысқалиев құрған қылмыстық құрылым жетекшілерінің бірі.

Tengrinews.kz 23 қаңтарда Атырауда Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот процесі басталғанын еске салады. Бұл іс бойынша сотта 22 адам айыпталушы ретінде жауап береді. Олардың дені - бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер. Ағайынды Рысқалиевтердің өзі елден қашып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай