"Рысқұловтағы экшен": полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсірілді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзушының ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзушының ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда көлік жүргізушісі артпен қозғалып бара жатқанын көруге болады. Ол полиция қызметкерлері ұстамайынша тоқтамайды. 

"Рысқұловтағы экшен: жүргізуші полицейлерден қашқан, бірақ дөңгелегі ұшып кетіп, оны үш патруль экипажы ұстап алды", - делінген жарияланымда. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Полиция департаменті өкілдері оқиға 14 маусымға қараған түні Алматының Алатау ауданында болғанын айтты.

"Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі патруль экипажының тоқтау туралы талабына бағынбады. Жасырынуға тырысты, бірақ оны бұғаттады. Көлік тізгінінде 1966 жылғы А. есімді ер адам болды.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы, 606-баптың 1-бөлігі "Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы" және 595-баптың 2-бөлігі "Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша жауапқа тартылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети