27 желтоқсан 2019 | 20:09

Сәбиді ұрып өлтірген алматылық 18 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "кедергі келтірген" өгей ұлын ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "кедергі келтірген" өгей ұлын ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. 

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан кісі өлтіру") бойынша кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Оқиға биыл 23 қыркүйекте болған. Сол күні қалалық ауруханалардың біріне екі жасар бала ессіз күйде жеткізілген. Бала комаға түскен. Оған бассүйегінің трепанациясын жасауға тура келген, алайда оң нәтиже бермеген: үшінші қазанда бала қайтыс болды.

Қаза тапқан баланың өгей әкесі қылмысын мойындады. Ол қайғылы оқиға болған күні үйде баламен қалып, оның жары жұмысқа кеткенін айтты. Ер адам жеті немесе сегіз литр сыра ішіп, содан кейін баламен бірге шаштаразға барған. Жолда бала еркелеп, көтеруін сұраған. Осы әрекеті үшін бала басынан соққы алған, асфальтқа құлап, тағы да соққы алып, қатты жылай бастаған. Сонда өгей әкесі оның ішінен ұрған. Бала есінен танып қалған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жедел жәрдем шақырған. 

"Ол өмір бойы түрмеде отырса да, бостандыққа шықса да, менің ұлым қайтып келмейді. Құдай жазасын береді. Қандай шешім шықса да маған бәрібір", - деді қайтыс болған баланың анасы Әсел Теңізбаева. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети